27.07.2022, 14:30
Оқылды: 51

Жаңа техниканың елге пайдасы тиюде

Казталов ауданы бойынша нəтижелі жұмыс жасап жатқан "Нұрсай ауылы" ауылшаруашылық өндірістік кооперативі бүгінде қанаты қатайып, əлеуеті артып келеді. Сөзімізге дəлел ретінде, Орынбек Бактияров жетекшілік ететін кооператив меншігіне биылғы жылы "КазАгроФинанс" АҚ арқылы 2 дана МТЗ-82 тракторын, шөп шабатын, буатын агрегаттарын сатып алған.

IMG-20220726-WA0029

Жаңа техниканы тізгіндеген "Нұрсай ауылы" ауылшаруашылық өндірістік кооперативі Солдат көлінен шөп шабуға кірісіп те кетті.

IMG-20220726-WA0028

Кооператив мүшелері көлден мал азығын дайындап, Казталов ауылдық округі əкімі аппаратының ұйымдастыруымен аз қамтылған отбасыларға жəне жалғызбасты зейнеткерлерге əр бумасын 4000 теңгеден тасымалдап беруде.

IMG-20220726-WA0032

Негізгі мақсаты ауыл халқын біріктіру болып табылан кооперативтің нəтижелі жұмысы көпке үлгі.

IMG-20220726-WA0025

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале