Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына өзгеріс енгізуіне орай ендігі кезекте ауылдық округ әкімдері тоқсан сайын кемінде бір көшпелі кездесу өткізуі тиіс. Осы орайда Шыңғырлау ауданында ауылдық округ әкімдерінің халық алдындағы есеп беру жиындары басталды.
Ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанының алғашқы есептік кездесулері Сегізсай, Ақсуат және Қайыңды ауылдарында өтті. Жиындарға аудан әкімінің орынбасары А.Бисембаев қатысты. Ауылдық округ әкімдері округ көлемінде атқарған жұмыстары жөнінде қысқаша баяндап, кейін жиын сұрақ-жауап форматында өрбіді.
Анар Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы,
zhaikpress.kz