28.07.2022, 15:45
Оқылды: 39

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының 76 пайызы тозған

Ауыл шаруашылығы техникасы паркінің орташа тозу көрсеткіші 76 пайызды құрады. Бұл туралы баспасөз қызметінен мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1658741043547-350x263

«Республикада 147 мың трактор, 38 мың комбайн, 4,7 мың егіс кешені, 77 мың дән сепкіш, 13 мың дестелегіш, 73 мың трактор тіркемесі, 5,8 мың бүріккіш, 221 мың топырақ өңдеу жабдығы бар. Өздігінен жүретін техниканың бүкіл паркінің орташа тозуы 76 пайызды құрады», - делінген министрліктің ҚазАқпарат агенттігіне берген жауабында. Агроөнеркәсіптік кешенді техникалық қайта жарақтандыру мәселесін шешу және ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды жеңілдету үшін тиісті мемлекеттік қолдау бағдарламалары ескерілген.

«Біріншіден, инвестициялық шығындарды субсидиялауға тоқталсақ, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған кездегі құнының 25-30 пайызы мемлекет бюджетінен өтеледі. Бұдан басқа, облыстардың аумақтарын дамыту бағдарламаларында көзделген ауыл шаруашылығы техникасының, машиналар мен жабдықтардың басым түрлері бойынша өңір әкімдіктерінің жергілікті бюджет қаражаты есебінен субсидиялау нормативтерін 50% ұлғайтуға құқығы бар», - деп аталып өткен ведомство мәліметінде. Екіншіден, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін кредит/лизинг бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау (10%) қарастырылған. Сатып алынатын ауыл шаруашылығы техникасының негізгі көлемі лизинг арқылы келетінін ескере отырып, кредит/лизинг бойынша сыйақы ставкасын 10% мөлшерінде субсидиялағанда, АШТӨ үшін түпкілікті мөлшерлемені 7%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді («ҚазАгроҚаржы» АҚ қолданыстағы сыйақы ставкасы 17% болған кезде). Бұл өз кезегінде АШТӨ үшін қаржылық жүктемені төмендетеді. «Үшіншіден, «Бәйтерек» холдингінің қаржы институттары (ҚазАгроҚаржы, Өнеркәсіпті дамыту қоры) арқылы елімізде өндірілген ауыл шаруашылығы техникасына жеңілдетілген кредит беру (жылына 6-7%) бағдарламасы қамтылып отыр. «Аталған мемлекеттік қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру өз нәтижесін беріп келеді. Соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығы техникасы паркінің жаңару деңгейі оң динамиканы көрсетіп отыр. Егер 2017 жылы жаңарту көрсеткіші 1,9% болса, 2021 жылға қарай ол 4,3% болды (2 есе өсті). «ҚазАгроҚаржы» АҚ бас лизингтік компаниясының мәліметіне қарағанда, 2017 жылы 2376 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынса, 2021 жылы 7248 (3 есе өсті) техника қамтылды», - делінген министрлік ақпаратында. Бұдан бұрын хабарланғандай, қазіргі жағдайды ескере отырып, орта есеппен алғанда техниканың жаңару деңгейі 8-10 пайыздан кем болмауы керек.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале