Бүгінгі таңда Шыңғырлау ауданындағы барлық ауылдық округтегі шаруақор жандар мал азығын дайындау науқанын одан әрмен ширата түсуде.
Табиғаттың өзі қарасып, биыл жауын-шашын да дамыл-дамыл жауып, көк шөптің одан әрмен бой көтеруіне септігін тигізіп келеді. Әр аулаға кіргізіліп жатқан арба-арба шөп орамаларын көріп, еңбекқор адамдардың берекелі тірлігіне сүйсінесің.
Қыстың қамын жазда ойлалаған Ардақ ауылдық округіндегі жеке қожалық иелері де таң атқаннан ымырт үйірілгенше дала төсінде жүр.
Биыл ардақтықтар жоспар бойынша 9 636 тонна мал азығын дайындау керек болса, қазіргі уақытта округте 3674 тонна шөп қыстақ басына тасылуда.
Округ әкімі С.Бркенова шаруа жандардың тірлігінен үнемі хабардар болып, өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң ұстану қажеттілігін еске салып келеді.
Гүлшат Ибрагимқызы,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz