Жоспар бойынша қолда бар малдың қысқы азығына 143,2 мың тонна табиғи шөп қажет. Күні бүгінге жоспар орындалу көрсеткіші 40 пайыздан асып, 58 мың тонна көлемінде шөп шабылған.
Теректі ауданыда өз қажеттіліктеріне қарай пішен маялап жатқан шаруашылықтар тұрғындарға да шөп сатуда. Аудан бойынша бір бума пішен бағасы - 4000-5000 теңге.
Мал азығымен тұрғындарды қамтамасыз ету үшін ауданның ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, арнайы саттық ұйымдастырып отыр.
Осы жолмен Теректі ауылының сырт жағында өткізілген жем-шөп саттығына Теректі ауылдық округі аумағындағы бірқатар шаруашылықтар қатысты.
- Мал азығының қымбаттауын реттеу мақсатында қолға алынған шараға бүгін «Сүйін ұрпағы», «Исембек», «Шарақап» қожалықтары мен «10 лет РК» ЖШС трактор тіркемесімен пішен әкеліп сатты. Бір бумасының бағасы – бес мың теңгеден. «Ганиев Г.Г.» қожалығы бір қап арпаны 3 600 теңгеден шығарды. Ауыл тұрғындары керегіне қарай алып жатыр, - дейді ауданның ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Азат Аубакиров.
Мал азығы жәрмеңкесі алдағы уақытта да жалғасады.
Тамара Жұмат,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz