Бүгін Шыңғырлау ауданы Ащысай ауылдық округіне қарасты Амангелді ауылында округ әкімінің тоқсан сайынғы есептік кездесуі өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев қатысты. Округ әкімі лауазымына тағайындалғанына 2 ай мерзім болған Жасқайрат Айсиев округте атқарылған жұмыс бойынша баяндама жасады.
Тұрғындар ауыл маңынан шаруа қожалықтарына жер бермеу, ауыл ішіне автобус жүруін, интернет желісін күшейту секілді мәселелер көтеріп, оған аудан әкімінің орынбасары, округ әкімі және тиісті мекеме басшылары жауап берді.
Анар Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz