29.07.2022, 17:30
Оқылды: 136

Оралда үстіне футбол қақпасы құлап кеткен бала көз жұмды

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға кеше кешкісін С.Датұлы көшесі, 17 мекенжайында болды, деп жазады Egemen.kz.

2022_07_29_crop-29_25_1019x1863_2021_12_06_z3jfoldt

Сурет: Egemen.kz 

«Балалар алаңында 2011 жылғы ұл баланың үстіне футбол қақпасы құлап кеткен. Салдарынан ашық және жабық бас-ми жарақатын алған бала сағат 22.10-да жақын маңдағы емдеу мекемесі - қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің бар күш-жігерін жұмсағанына қарамастан, бала жарты сағаттан кейін қайтыс болды», деп хабарлады ведомстводан.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале