1.08.2022, 10:15
Оқылды: 9

Дәурен Елеусінов Нью-Йорктегі бокс кешінде жеңіліп қалды

Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов (10-1-1, 9 КО) Нью-Йоркте (АҚШ) өткен кәсіби бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында мәлім етілгендей, Елеусінов жергілікті боксшы – жеңіліп көрмеген америкалық Джуниор Юнанмен (16-0-1, 10 КО) жекпе-жек өткізді. Супер орта салмақтағы айқас он раундқа есептелді. Оның нәтижесі бойынша Юнан бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, Джуниор Юнан кәсіби мансабындағы он жетінші жеңісіне қол жеткізсе, Дәурен Елеусінов екінші рет жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, Дәурен Елеусінов ІВО тұжырымы бойынша әлем чемпионы Данияр Елеусіновтің (12-0, 8 КО) інісі. Ағайындылар былтырғы 18 желтоқсанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай елордада өткен бокс кешінде өнер көрсетті. Онда Дәурен Әзербайжан боксшысы Әли Маммедовті үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңсе, Данияр аргентиналық Хуан Эрнан Леаоны нокдаунға жіберіп, ІВО тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале