1.08.2022, 20:54
Оқылды: 47

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасына жеңілдетілген бағдарлама іске қосылады: шарттары аталды

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасын іске қосады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустриялық даму қорына сілтеме жасап.

2

Сурет: Tengrinews.kz

"Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасын іске асыру үшін 40 миллиард теңге бөлінеді, оның 30 миллиард теңгесін "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ "Жасыл Даму" (ӨКМ операторы) АҚ қаражатынан және 10 миллиард теңгесін "ҚазАгроҚаржы" АҚ капитал нарығынан тартады", - делінген хабарламада.

Бағдарламаға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ның барлық филиалында 5 тамызда басталады.

  • лизинг мерзімі – 10 жылға дейін;
  • сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6 пайыз;
  • лизинг бойынша бастапқы жарна (аванстық төлем) – лизинг нысанасы құнының 0%;
  • негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік кезеңі – 1 жыл;
  • қаржыландыру көлемі – бір лизинг алушыға 205 000 000 (екі жүз бес миллион) теңгеден және бір лизинг алушыға ауыл шаруашылығы техникасының үш бірлігінен артық емес.

Сондай-ақ қаржыландырудың бір лизинг алушыға екі жылдық кезең ішінде бір реттен жиі емес ұсынылуы маңызды шарт саналады.

Бағдарламаға келесі отандық өндірістегі өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникалары қатысады:

  • LOVOL, DEUTZ FAHR, TURAN, КИРОВЕЦ, БЕЛАРУС, RSM, YTO, CLAAS XERION, DONG FENG, WUZHENG маркалы тракторлар;
  • ESSIL, VECTOR, ACROS, TORUM, CLAAS TRION, DEUTZ FAHR маркалы астық жинайтын комбайндар (күріш комбайндары);
  • Сүрлем жинайтын комбайндар: Жемшөп жинайтын жоғары өнімді комбайн (ЖЖК), Жемшөп жинайтын өздігінен жүретін комбайн (ЖӨК).

Ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілердің тізіміне: "АгромашХолдинг KZ" АҚ, "Қостанай трактор зауыты" ЖШС, "Қазақстан Агро инновациялық корпорациясы" ЖШС, "СемАЗ" ЖШС, "Kazrost Engineering Ltd." ЖК, "СТ ЭСЭМБЛИ" ЖШС, "KazKioti" ЖШС, "МТЗ-Қазақстан машина жасау зауыты" ЖШС кіреді.

"Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасы шегіндегі қаржыландырудың револьверлік сипатта болатынын, яғни қолданыстағы лизингті өтеуден түсетін төлемдердің жаңа қаржылық лизинг шарттарын жасасуға қайта жіберілетінін айта кету керек. Бағдарламаның өзі 20 жылға есептелген", - делінген хабарламада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале