2.08.2022, 14:45
Оқылды: 187

Иран Қазақстан арпасынан бас тартуы мүмкін - Астық өндірушілер одағы

Қазақстандық арпаны сатып алушы негізгі ел - Иран. Арпа экспортының 86-90%-ы аталған елге тиесілі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

4

- Елімізде арпа экспортына қатысты үлкен мәселе бар. Бүгінде Иран Ресей Федерациясымен келіссөз жүргізіп жатыр. Егер олар арпа жеткізу бойынша келіссе, онда бізге өз өнімімізді өткізу қиынға соғады. Қазақстан орташа есеппен жылына 1,36 млн тонна арпа экспорттайды. Иран - жақсы саудагер, бірақ ол санкцияда. Осы орайда, менің ойымша, Иран Ресеймен екіжақты келісім жасаспақ», - деді Қазақстан астық өндірушілер одағының төрағасы Нұрлан Оспанов дөңгелек үстел барысында.

Оның айтуынша, Иран мен Ресей арпа жеткізу бойынша өзара жасауы мүмкін келісім Қазақстан экспортына кері әсерін тигізеді.

- Себебі біз де Иранға арпа экспорттаймыз. Егер елімізде арпа экспортына кедергі болса, онда ішкі баға мүлдем түсіп кетеді, - дейді ол.

Сондай-ақ, одақ басшысының дерегінше, Қазақстанда арпа өндірісі 3,25 млн тоннаны құрайды. Оның ішінде шамамен 1,36 млн тонна экспортқа жіберіледі.

Одан бөлек, 120 мың тонна арпа келесі жылға қорда сақталады.

Айта кетсек, бүгін елордада Қазақстан астық өндірушілер одағының ұйымдастыруымен биылғы астық жинау маусымына қатысты мәселелер талқыланған дөңгелек үстел өтті.

Аталған жиында отандық астық өндірушілердің шығынға бату қаупі туралы айтылды.

Сонымен қатар Қазақстан астық өндірушілер одағы елдегі бидай бағасына әсер ететін үш факторды атап берді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале