3.08.2022, 17:15
Оқылды: 121

Манап Қобылан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департамент басшысы болды

Жаңа құрылған Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменті басшысы тағайындалды.

photo_102511

"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы болып Манап Қобылан тағайындалды", - делінген хабарламада.

Манап Қобылан Тоқбергенұлы 1975 жылы Көксу ауданы Алматы облысында дүниеге келген. Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 14 жылдан асады.

Еңбек жолын Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы болып бастаған. Осы мемлекеттік органда бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы қызметтерінде болған.

2011-2020 жылдары Алматы облысы Ескелді ауданының әкімі, Алматы облысының кәсіпкерлік басқармасы, Алматы облысы әкімі аппараты, Алматы облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.

Департамент басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін Манап Қобылан Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі болды.

tengrinews.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале