3.08.2022, 17:52
Оқылды: 99

Теректіде қысқы мал азығын дайындау қарқынды жүріп жатыр.

Жоспар бойынша қолда бар малдың қысқы азығына 143,2 мың тонна табиғи шөп қажет. Күні бүгінге жоспардың орындалу көрсеткіші 40 пайыздан асып, 58 мың тонна көлемінде шөп шабылған.

самал

Өз қажеттіліктеріне қарай пішен маялап жатқан шаруашылықтар тұрғындарға да шөп сатуда. Аудан бойынша бір бума пішен  бағасы - 4000-5000 теңге.

Мал азығымен тұрғындарды қамтамасыз ету үшін ауданның ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, арнайы жәрмеңке ұйымдастырып отыр.

сам1

Осы жолмен Теректі ауылының сырт жағында өткізілген жем-шөп сатылымына Теректі ауылдық  округі аумағындағы бірқатар шаруашылықтар қатысты.

- Мал азығының қымбаттауын реттеу мақсатында қолға алынған шараға «Сүйін ұрпағы», «Исембек», «Шарақап» қожалықтары мен «10 лет РК» ЖШС трактор тіркемесімен пішен әкеліп сатты. Бір бумасының бағасы – бес мың теңгеден. «Ганиев Г.Г.» қожалығы бір қап арпаны 3 600 теңгеден шығарды. Ауыл тұрғындары керегіне қарай алып жатыр, - дейді ауданның ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Азат Аубакиров.

Мал азығы жәрмеңкесі алдағы уақытта да жалғасын табады.

 

Камелия Қарекесова,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале