4.08.2022, 9:00
Оқылды: 48

Облыста жаңа прокурор

Серік Рысқалиұлы Шалабаев Батыс Қазақстан облысының прокуроры болып тағайындалды. Тиісті бұйрыққа Қазақстан Республикасының Бас прокуроры қол қойды.

InShot_20220804_074740962

Шалабаев бұл тағайындауға дейін Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметін басқарған.

Прокуратура құрылымдарында 1992 жылғы шілдеден бастап Ақтау қаласы прокурорының  көмекшісі, Ақтау қаласы прокуратурасының аға тергеушісі, облыстық прокуратураның аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі, аға прокурор, Маңғыстау облысы прокуратурасының тергеу бөлімі бастығының орынбасары лауазымдарын атқарды. 1995 жылғы желтоқсаннан 1997 жылғы мамырға дейін Маңғыстау облысының Мемлекеттік тергеу комитетінің құрылымдарында әр түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. Сонымен қатар Ақтау, Ақмола гарнизондарының әскери прокуроры, Бас әскери прокурордың орынбасары, Ақтөбе облысы Хромтау ауданының прокуроры, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының прокуроры, Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары, Бас прокуратура аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық басқармасының бастығы, Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазасын өтеп жүрген адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау департаменті бастығының орынбасары, Алматы және Атырау облысы прокурорының орынбасарлары, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының проректоры қызметтерін атқарған.

2019 жылғы 26 наурыздан 2022 жылдың шілде айы – Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің басшысы.

Биылғы 27 шілдеден бастап – Батыс Қазақстан облысының прокуроры.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале