4.08.2022, 11:30
Оқылды: 43

Бұланда сүт өңдейтін шағын цехтың құрылысы басталады

Бүгін өңірлік коммуникациялар алаңында Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев  сұхбат беруде.

Биыл мемлекет тарапынан Сырым ауданында 78 шаруашылық құрылымға, оның ішінде мал шаруашылығына  88 млн.160 мың теңге субсидия төленген. Аудандағы екі кәсіпкер 53 млн. теңгеге 140 бас асыл тұқымды қазақтың ақбас ірі қара малын сатып алған.

59e3c427-dca1-4fe0-9ddd-d2b50e20b780

-«Сүт белдеуін» құру арқылы өндірілетін жергілікті өнім көлемін ұлғайту және аудан халқын сүт өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында Бұлан ауылдық округінің «Берекет» шаруа қожалығы 120 бас сүтті тұқымды аналық ірі қара малдарын сатып әкелді. Биыл кешенді құрылыс жұмысы басталып, алдағы уақытта сүт өңдейтін шағын цех салынады.

Осы мақсатта 2022-2023 жылдары ауданның 5 шаруа қожалығы барлығы 240 басқа дейін қосымша асыл тұқымды сүтті бағыттағы ірі қара малын алып келуді жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта Қособа ауылдық округінің «Сырым» шаруа қожалығы Беларусь Республикасынан голштейн тұқымды сүтті сиырларын алып келу үшін жұмыс жүргізуде, - деді Төлеген Серікқалиұлы.

Сырым ауданында конкурс арқылы 118 567 га жер телімі шаруашылық құрылымдарына берілген. Соның ішінде 2021 жылы мемлекет меншігіне 11 701 га жер қайтарылған.

Аудан әкімінің айтуынша, жаңадан шаруаларын бастаған «Мырзағалиев К», «Бастау», «Нархан» шаруа қожалығына 2300 га жер телімі беріліп, қазіргі уақытта мал әкеліп жұмыстануда.

27 шаруашылық құрылым 47 ауыл шаруашылық техникасын алып, мемлекет тарапынан 46 млн.12 мың теңге субсидия төленіпті.

Ал биыл 16 780 га жерге егіс егіліп, бау-бақша егумен 2 шаруа қожалығы  айналысуда.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале