4.08.2022, 17:46
Оқылды: 50

«Zhas project» жобасына қатысуға өтінімдер қабылдануда

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Zhas project» шағын грант беру конкурсына өтінімдер қабылдау басталғаны туралы хабарлайды. Құжаттарды қабылдау 10 тамызға дейін жалғасады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Жастар және отбасы істері жөніндегі комитеттің төрағасы Қайрат Баймульдинов хабарлады.

17

Жоба Үкіметтің биылғы жылға арналған іс-қимыл бағдарламасы шеңберінде Алматы, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау, Маңғыстау және Түркістан облыстарында пилоттық режимде іске асырылуда.

«Zhas project» жобасы әлеуметтік жағдайы төмен жастардың бастамаларын қолдауға және жастарды әлеуметтік-экономикалық өмірге тартуға бағытталған. Жалпы, 250 жобаға қолдау көрсету көзделген. 1 млн теңге - 1 адамға арналған грант сомасы. Алматы және Жетісу облыстарында грант алушы болып «Тамшыбұлақ» ҚБ, Қарағанды және Ұлытау облыстарында «Жас Ұлан» ұйымы, Маңғыстау облысында «Түпқараған жастары» ұйымы, Түркістан облысында Қазақстан жастарының конгресі анықталды», - деді спикер.

Биылғы жобаның басты ерекшеліктерінің бірі – гранттық қаражаттың ақшалай қолға берілмейтіндігі.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале