8.08.2022, 13:01
Оқылды: 52

Сырымдық зейнеткерлер жүлдемен оралды

Орал қаласында зейнет жасындағы ардагерлер арасында спорттың бес түрінен облыстық спартакиада өтті. «Мақсат» медициналық колледжінің спорт залында өткен ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қатысып, ардагерлерді құттықтап, сәттілік тіледі. 

IMG-20220808-WA0037

Спартакиадаға сырымдық зейнеткерлерді ардагер спортшы, команда жетекшісі Ғилаж Қаналиев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әнуарбек Ғалымов бастап барды. Додадан аудан ардагерлері қанжығаны майлап қайтты. Спорттың волейбол, баскетбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, үстел теннисі түрлерінен бақ сынаған сырымдық зейнеткерлер жалпыкомандалық есепте жүлделі екінші орын тұғырынан көрінді.

IMG-20220808-WA0043

Жекелеген жарыста тоғызқұмалақтан Қанапия Қаяпбергенов дес бермей, І орынды жеңіп алды. Үстел теннисінен Нұртаза Жұмағалиев ІІ орынды иеленді. Волейбол ойынында сырымдық команда үшінші орыннан көрінді. Сондай-ақ,  шахматтан Серік Қыдырсихов, дойбыдан Абдухамит Дабаров бақ сынады.  Жүлдеге ие болған жерлестеріміз ақшалай және бағалы сыйлық, дипломдармен марапатталды.

IMG-20220808-WA0078

Айта кетейік, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Бөрлі, үшінші орынды Казталов аудандары иеленген болатын.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале