9.08.2022, 18:00
Оқылды: 34

Палуандар бозкілемде бақ сынады

Бүгін «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» ұйымдастыруымен Жаңақала ауданының қайта құрылғанына 50 жыл толуына және 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай қазақ күресінен «JRO BARYSY» облыстық турнирі өтті.

16

Жарыстың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық спорт түрлерін дамыту, ұлт намысын ұлықтау, спортшылардың спорттық шеберлігін дамыту.

 

Спорт кешенінде өткен байрақты бәсекеде Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, Облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Аслан Тапишев, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Жайсаң Есекенов және ардагер ұстаздар, мекеме басшылары қатысты.

Құттықтау сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Нұрғалиқызы, Облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Аслан Тапишев, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Жайсаң Есекенов палуандарға сәттілік тіледі. Одан әрі көк Туымыз желбіреп, Әнұранымыз шырқалды.

18

Дүбірлі додаға Облыстық ЖРО, Орал қаласы, Ақжайық ауданы, Бөрлі ауданы, Шыңғырлау, Бәйтерек, Қаратөбе, Жаңақала, Теректі аудандарынан -70, +70 кг салмақ дәрежесінде сайдың тасындай мықты спортшылар бақтарын сынады.

«Мен қазақтың ұлымын» әнімен Ербол Нұржанұлы шашу шашып, көрермен қауымға керемет көңіл-күй сыйлады.

Бозкілемде күші мен бағы қатар шапқан палуандар арасында – 70кг салмақта І орын Алмас Махмудов (Бөрлі ауданы), ІІ орын – Равиль Мұханбетқалиев (Теректі ауіданы), ІІІ орын Бағдат Мақсотов (Ақжайық ауданы) иеленеді.

17

+70кг салмақ дәрежесінде І орын – Теміржан Тасқалиев (Шыңғырлау ауданы), ІІ орын – Алтынбек Болатов (Жаңақала ауданы), ІІІ орын - Дулат Жүсіпқалиевтің (Орал қаласы) қанжығасына байланды.

І, ІІ, ІІІ орын алған жүлдегерлер «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының» тиісті дәрежелі дипломдары, медальдары және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.

Арайлым Айденова,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале