11.08.2022, 11:00
Оқылды: 65

Күдіктілер темір торға қамалды

Бүгін оралдық кәсіпкер Еркін Мұқанғалиевті қасақана өлтірді деген күдікті Руслан Қожантаев пен Тұрлан Амангелді екі айға қамауға алынды.

InShot_20220807_130720364
Аталған сот шешімін Орал қалалық мамандандырылған тергеу сотының судьясы Раушан Исмайылова оқып, күдіктілерді қамауға алу туралы санкция шығарылғандығын мәлімдеді.
Айта кетейік, Руслан Қожантаев Теректі ауданының азаматы. Ұлты қазақ, білімі орта. Отбасылы, бұрын сотталмаған.
Ал, екінші күдікті Орал қаласының тұрғыны Тұрлан Амангелдінің де ұлты қазақ, бұрын сотталмаған, отбасын құрмаған, жұмыссыз.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале