Шыңғырлау аудандық жұмыспен қамту орталығы Президентіміз Қ.Тоқаев пен Үкіметіміздің халықты жұмыспен қамту тұрғысындағы тапсырмасын орындау бағытында өз жұмысын жалғастыруда. Соның бірі біздің салаға қатысты «Алғашқы жұмыс орны» бағыты.
Фото: kz.oqu.news
Өткен 2021 жылы республикалық бюджеттен осы мақсатқа 781 мың теңге бөлініп, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жасы 29-дан аспаған, еңбек өтілі жоқ 3 жас маман алғашқы жұмыс орны бойынша Л.Қылышев атындағы ЖОББМ және Шыңғырлау ЖОББ мектептеріне тұрақты жұмысқа орналастырылды. Бүгінгі күнге дейін мұғалім қызметінде жұмыс жасауда.
Әлі де бұл бағыт туралы білмейтіндер болса деп мәлімет бергенді жөн көріп отырмыз. «Алғашқы жұмыс орны» - алғаш рет жұмыс іздеген жастар үшін еңбек дағдыларын алу және жұмыс орнына бейімделу мүмкіндігі.
Жобаға қатысу мерзімі 18 айдан аспайды. Жобаға қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін, тұрақты жұмыс орнында кемінде 12 ай жұмыс жасауы керек;
- Жалақы мөлшері 30 АЕК;
- Жұмыс тәжірибесі жоқ 29 (жиырма тоғыз) жасқа толмаған жастар жолданады.
Алғашқы жұмыс орнына қатысу үшін жұмыссыздар халықты жұмыспен қамту орталықтарына нысан бойынша өтініш және келесі құжаттарды қоса ұсынулары қажет:
- жеке басын куәландыратын құжат;
- еңбек қызметін растайтын құжат ( бар болса);
- білімі туралы диплом (аттестат, куәлік).
Сонымен қатар «Күміс жас» деп аталатын бағдарлама да жұмыс жасайды.
Зульфия Мамбетиярова,
Шыңғырлау аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының кеңесшісі