Облыс көлемінде ашық-шашық жатқан трансформаторлардың кесірінен зардап шеккен адамдар саны өсуде. Жаңақала ауданында болған Аманжол есімді балғынның жағдайы баршаға сабақ болуы тиіс.
Ақсуат ауылдық округінде ашық жатқан трансформаторларды округ әкімдігі өз күшімен қоршауда. Жалпы, облыс бойынша округтегі бір ғана трансформатордың айналасын қоршау үшін қаржы бөлінеді екен. Ал Ақсуатта дәл осындай сегіз трансформатор бар.
- Аудан басшысы Тілек Александрұлының тапсырмасы бойынша ауылдағы ашық жатқан трансформаторлардың барлығын жіті қадағалап, оны қоршау үшін жауапты басқармаларға хат жолдаған едік. Алайда, олардан жауап келгенше қарап отыра алмадық. Күні бүгін өз күшімізбен екі трансформатордың айналасын қоршап, арнайы құлып салып қойдық. Әр ауыл бойынша тек бір трансформаторды қоршауға мүмкіндік бар дейді БҚО электор желілер таратушы компания өкілдері. Ал адам денсаулығы мен қауіпсіздігі басты орында. Сол себепті қалған алты трансформаторды да түгелдей қоршауға жұмыстанамыз, -дейді өз сөзінде округ әкімі Жаннұр Ахметов.
Әділет Орынбасаров
Теректі ауданы
zhaikpress.kz