Информатикадан Қазақстанның ұлттық құрама командасы беделді халықаралық олимпиадалар маусымын сәтті аяқтады.
Биыл IOI 7-15 тамыз аралығында Джокьякарта қаласында (Индонезия) өтті және оған әлемнің 88 елінен 357 білімпаз қатысты.
Батыс Қазақстан облысынан Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернатының оқушысы Жамбыл Мақсотов күміс медаль иегері атанды!
IOI-2022 жүлдегерін, педагогтары мен ата-аналарын керемет нәтижелерімен құттықтаймыз!
zhaikpress.kz