16.08.2022, 14:30
Оқылды: 39

Қазақстанда ең көп кездесетін айлық көлемі қандай?

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда ең көп кездесетін (модальдық - ред.) айлық көлемін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

3

«2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы бойынша медианалық және модальдық жалақы 157 863 теңге және 173 249 теңге болды. Сондай-ақ, 2022 жылдан бастап Бюро тоқсандық негізде медианалық жалақыны бағалауды жариялайды. Ағымдағы жылдың І тоқсанында медианалық жалақы – 179 970 теңге, ал ІІ тоқсанында – 196 728 теңге болды», - деп жазылған бюроның ҚазАқпарат сауалына жолдаған жауабында.

Сондай-ақ, бюро мамандары қазір ресми статистикада негізгі өлшем ретінде қолданылып жүрген орташа айлықтың қандай тәсілмен есептелетінін баяндаған.

«Ұлттық статистика бюросы орташа жалақы туралы ақпаратты кәсіпорындар мен ұйымдардан алынған деректер негізінде жалақы қорының есептелген сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті тоқсандағы айлар санына бөлу жолымен есептейді. Әдетте, әр қызметкер үшін жалақы мөлшері бірқатар факторларға байланысты өзгереді.

Осындай айырмашылықтарды ескере отырып, бюро басқа да көрсеткіштерді қалыптастырады – медианалық, модальдық жалақы, сондай-ақ мамандықтар бойынша жалақы статистикасы жүргізіледі», - делінген бюроның ресми жауабында.

Бұған дейін жарияланғанындай, жан басына шаққандағы орташа айлық табысы 50 мың теңгеге жетпейтін қазақстандықтардың үлесі 38,7% болып отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале