16.08.2022, 16:00
Оқылды: 57

Қазақстанда электр энергия тапшылығы болуы мүмкін

ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Қазақстанда электр энергия тапшылығы болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

18

Фото дереккөзі: aikyn.kz

Оның айтуынша, KEGOC компаниясының бағалауы бойынша 2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымында электр энергиясының тапшылығы 1-1,5 млрд кВтсағ болмақ.

Мұндай жағдай жылу беру маусымында уағдаластық бойынша Қырғызстанға электр энергиясын берген кезде болуы мүмкін. Аталған келісім аясында Қырғызстан жағы еліміздің оңтүстік өңірлеріне суды тиісті көлемде жібереді.

«Алдағы қыс кезінде де электр энергиясын беру ескерілген. Тапшылық бойынша KEGOC есептеп шығарған мәліметке қарағанда, Қырғызстанға энергия жеткізу сақталса, онда тиісті тапшылық көлемін өтеу керек. Бұл тұрғыда қыс кезінде еліміздің станцияларының техникалық жағдайы маңызды болып тұр. Атап айтқанда, ел аумағын энергиямен қамтамасыз ету министрлік пен жүйелік оператордың міндеті. Барлығы электр энергиясымен толық көлемде қамтамасыз етілетін болады», - деді вице-министр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале