17.08.2022, 9:15
Оқылды: 138

Алдағы күз айлары жылы, жаңбырлы болады - Қазгидромет

Қазгидромет күзге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

6

Фото дереккөзі: 7-su.kz

Күзде жаңбырлы, екпінді желмен қатар, жылы шуақты күндер күтіледі.

Күзге арналған консультативтік маусымдық ауа райы болжамына сәйкес, күздің алғашқы екі айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы, 1-2°-қа нормадан жоғары болады деп болжануда. Қараша айы, республиканың басым бөлігінде жылы, ал Батыс Қазақстан, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстік-батысында, Павлодар облысының солтүстік жартысында — норма шегінде жылы болмақ.

Қыркүйек және қазан айларында жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде нормадан аз болады, яғни көбінесе құрғақ болады. Қараша айында елдің көптеген облыстарында жауын-шашын — климаттық нормаға жақын болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале