18.08.2022, 11:30
Оқылды: 35

Кеңсе тауарлары 12 пайызға қымбаттады

Елімізде кеңсе тауарлары 12 пайызға қымбаттады. Тіпті, кейбір өңірлерде бағаның өсуі 50,1 пайызға жетіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

11

Фото: inbusiness.kz

Energyprom.kz порталының мәліметінше, биылғы шілдеде кеңсе тауарлары былтырғыдан 12,3 пайызға қымбаттады. Өңірлер бойынша бағаның ең көп өсуі Түркістан облысында байқалды – 50,1 пайыз. Сондай-ақ, Атырау (31,1%) және Ақмола (14,7%) облыстарында және Алматы қаласында (14,5%) да айтарлықтай қымбаттады.

Кеңсе тауарларының бағасы Жамбыл облысында қатты көтерілген жоқ. Дегенмен, 1,2 пайызға өсім тіркеліп отыр.

Мысалы, сурет дәптері былтырдан бері – 14,1, шарикті қалам – 13,2, түрлі-түсті қалам жинағы – 12,1, дәптер – 12, А4 қағазы – 10,6 пайызға қымбаттады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале