18.08.2022, 12:45
Оқылды: 47

ЯндексGO таксистері биометриялық жүйе арқылы тіркеуге алынады

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ЯндексGO қосымшаcын пайдаланатын азаматтардың қауіпсіздігін нығайтудың бір жолын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

12

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Қасымқызымен бірге «Яндекс GO» компаниясының бас директоры Александр Аникинмен кездестік. Кездесуге басқа да министрліктердің өкілдері шақырылды.

Қазіргі таңда Яндекс платформасында 150 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Көбіне бұл кісілер әлеуметтік тұрғыда қорғалмаған, себебі олар тіркелген такси парктерінің кейбірі тиісті салық пен аударымдарды төлемейді.

Жұмыспен қамтамасыз етудің платформалық нұсқасы кең таралып жатқандықтан, мемлекет осындай платформалар арқылы табыс табатын азаматтарды қолдау жағын ойластыруы керек», - деп жазды министр Instagram парақшасында.

13

 

Ведомство басшысы, жүргізушілерге платформаға тікелей тіркелу мүмкіндігі ұсынылғанын атап өткен.

«Сонда мемлекет оларды әлеуметтік тұрғыда қорғай алады. Айта кетсек, қазір Яндекс 63 қазақстандық такси паркімен жұмыс істеп отыр. Сондай-ақ, компания басшысымен ЯндексGO қосымшаcын пайдалану кезінде азаматтардың қауіпсіздігін бірінші орынға қою мәселесін талқыладық. Қосымшада тіркелген жүргізушілерді сәйкестендіру және олардың құжаттарының дұрыстығын тексеру маңызды. Ол үшін биометриялық жүйені қолдануға болады. Бұл не үшін керек? Мәселен, біреулердің жүргізуші куәлігі жоқ немесе бөгде адамдар арқылы тіркелу оқиғалары кездеседі», - дейді Бағдат Мусин.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале