Жымпитылық жас айтыскер Нұрым Амангелді Орал қаласында өткен облыстық оқушылар айтысында өрнекті айтыс, өзгеше шабыс көрсетіп А.Ишанов атындағы арнайы жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ, айтыстың жас өкілдері Әлішер Сүндетов пен Нұрым Амангелдіге Халықаралық айтыс ақындары және термешілер Одағының Батыс аймағы бойынша өкілі, ақын Бауыржан Халиолла одақ атынан сыйақы берді. Еске сала кетейік, Нұрым – Жымпитыдағы Ж.Ерман атындағы айтыс мектебінің шәкірті. Жетекшісі – Бауыржан Ширмединұлы.

Сырым батыр және қаһарман қос қыз – Хиуаз бен Мәншүкке арналған айтыста Бөрлі ауданының артынан өнер көрсеткен Заманбек Оразгелдиевке Ж.Ерман атындағы айтыс мектебінің арнайы сыйлығы табыс етілді. Айтысты Орал қалалық мәдениет бөлімінің қолдауымен шаһардағы мәдени-ағарту бірлестігі ұйымдастырды.
"Сырым елі"
zhaikpress.kz