18.08.2022, 16:15
Оқылды: 65

Ғалымдар жойылып кеткен тасманиялық жолбарыс түрін қайта тірілтпек

Аустралия мен АҚШ-тың зерттеушілер тобы жойылып кеткен тасманиялық жолбарыс популяциясын қайта тірілту жобасына кірісті. Бұл қалталы қасқыр немесе тилацин деп аталатын жыртқыштардың соңғысы өткен ғасырдың 30-жылдарында өлген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

38

Фото: gettyimages.com

Жобаны Мельбурн университеті мен Гарвард университетінің профессоры және адам геномынның шифрын нашу жобасын жасаушылардың бірі Джордж Черч негізін қалаған Colossal Biosciences америкалық биотехнологиялық компаниясы жүзеге асырмақ.

Жобаға қатысушы ғалымдар жануарды бағаналы жасушалар мен геномды өңдеу арқылы қалпына келтіруге болатынына сенімді: ұқсас ДНҚ-сы бар тірі қалталы түрлерінен жасушалар алып, содан кейін жойылып кеткен түрді немесе соған мейлінше жақын түрін қалпына келтіру үшін өңделеді.

Зерттеушілер қалпына келтірілген жануардың алғашқысын шамамен он жылдан кейін жабайы табиғатқа шығаруға ниетті.

Процесс бірқатар ғылыми жетістіктерді қажет етеді және егер сәтті іске асса, жойылып кеткен биологиялық түрді реанимациялаудың алғашқы жағдайы болмақ.

Алдын ала жасалған бағалаулар бойынша тилацинді қалпына келтіру жобасына 75 миллион доллар қажет. Жобаны қаржыландыруға 2017 жылы алғашқы биткоин миллиардерлері ретінде танылған ағайынды Кэмерон және Тайлер Уинклвостар, сондай-ақ, Marvel компаниясының картинасында Тор кейіпкерін сомдаған актер Крис Хемсворт тартылып отыр.

Тасманиялық жолбарыстарды тірілту идеясы ғалымдардың ойында 20 жылдан бері жүр. 1999 жылы Сиднейдегі Аустралия музейі жыртқышты клондауға ұмтылған еді. Содан бері жануардың қолда бар үлгілерінен ДНҚ алу немесе бөлшектерін қайта қалпына келтіруге бірнеше талпыныс жасалған.

«Мәселе бұл жаңалықтың мүмкіндігінде емес, қашан жүзеге асатындығында», - дейді Мельбурн университетінің профессоры, биолог-эволюционист Эндрю Паск.

Алайда, бұл жобаны ғылыми фантастикаға балап, кекесінмен қарайтын сарапшылар да бар.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале