Осындай атаумен бүгін ҚР «Спорт күні» кәсіби мерекесіне орай аудан спортшыларының ата-аналарымен кездесу өтті. Кездесуде Бөрлі ауданы әкімінің міндетін атқарушы Алтай Серғазыұлы Тоқжанов ауданымыздың атын шығарып жүрген спортшы ұл-қыздарды тәрбиелеп отырған ата-аналарға алғысын айтып, спорт күні мерекесімен құттықтап сөз сөйледі. Ата-аналарды аудан әкімінің атынан алғысхатпен және сыйлықтармен марапаттады.
Алғысхаттармен марапатталғандар:
«Жыл сайын Қазақстан Республикасының спорт күні мейрамы тамыз айының үшінші жексенбісі күні тойланады. Барша спортшыларды және ата-аналарды спорт мерекесімен құттықтаймын. Бүгінгі біздің мақсатымыз ауданда өздерін жақсы көрсетіп жүрген спортшылардың ата-аналарымен жүздесу. Қазір аудан спортшылары облыстық көлемде, әлемдік ареналарда Қазақстанның құрама командасы ретінде жақсы өнер көрсетіп жүр. Ауданымыздан әлем чемпионы, Азия чемпиондары шықты. Енді болашақта бұқаралық спортты ауданда кеңінен дамыту мақсатында чемпиондардың ата-аналарымен кездесіп жатырмыз. Ауданымыздың атын шығарып жүрген чемпиондарымыздың ата-аналарын көргенімізге өте қуаныштымыз. Ауданнан болашақта көп чемпиондар шығады деген ойдамыз. Қазір ауданда спортты дамытуға, соның ішінде бұқаралық спортты дамытуға бүкіл жағдай қарастырылған. Ауданымызда спорт алаңдары, жүзу бассейні, фитнес зал және 3 спорт кешені бар. Әліде спорт кешендері саалынады. Болашақта осындай жұмыстар жүргізе береміз. Біздің басты мақсатымыз ауданнан әлемдік аренада олимпиада чемпиондарын шығару үшін жұмыстанып жатырмыз» - дейді Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Армат Амангелді Ислямов
«Мен Кенжалиева Альбина, Кенжалиев Жанболаттың анасымын. Балам 6 жыл бойы бадминтон спортына қатысады. Қазақстан Республикасының бірнеше жүлделі орындарының иегері. Бадминтон ақсайда өте жақсы дамыған. Тренеріміз Акулова Айдана Нурлановна, осы кісіге біз үлкен алғысымызды білдіреміз. Баламыздың бадминтоннан биіктерден көріне беруін тілейміз. Конденсат компаниясының басты демеушілігімен үлкен ашық залымыз бар. Спорт күніне байланысты бүгін Бөрлі ауданының әкімі атынан алғыс хатпен марапатталдық. Оларға да ризашылығымызды білдіреміз ата-ана атынан. Спорт мерекесі құтты болсын. Облыстық, республикалық және әлемдік жарыстардан ауданымыздың атын шығарып жүрген спортшы балаларымыз көбейе берсін. Балам қазір он үш жаста. Спортқа жақындығымен қатар, мектепте де озат оқушы. Бадминтонға қалмай барады, ұнайтығындығын алғаш барған кезінен айтып жүр. Жеті жасынан бастап бадминтонға қатысып жүр. Балам Қазақстан Республикасының чемпианатында екінші орын алды. Одан бөлек БҚО-ның аудандық, облыстық турнирларынан да бірнеше жүлделі орындар алды. Алға қойған мақсатымыздың бірі Орталық Азия чемпионаты. Шет елге шығып Қазақстанның атын шығарып, туын көкке желбірету арманымыз» - дейді спортшымыздың ата-анасы.
Жиын жалғасы аудан спортшыларының ата-аналары Тудахуновтар отбасы, Кенжалиевтар отбасы, Исмагуловтар отбасы, Каламиналар отбасы, Хамидуллиндер отбасы, Каламиналар отбасы, Мукашев Маликтің анасы, Қали Әдемінің анасы аудан әкімдігіне, аудандық спорт бөліміне, аудандық спорт федерацияларына және ұл-қыздарының бапкерлеріне алғыстарын білдірді.
Айдана Абдрахманова,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz