Бүгін Жаңақала аудандық әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департамент басшысы, әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Мұрат Байсалов, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының БҚО бойынша филиалының аға оқытушысы, магистр Рысханым Бахтиярова, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Бауыржан Ибрашев мемлекеттік қызметшілерге дәріс оқыды.
Алдымен Рысханым Жолболсынқызы «Мемлекеттік басқарудың «Адамға бағдарланған» моделін қалыптастыру. Қызмет тұтынушылардың қанағаттану деңгейін анықтау тетіктері» тақырыбында интерактивті дискуссия, «Мемлекеттік қызметтер көрсетуде клиентке бағдарлану» тақырыбында тренинг өткізсе, Мұрат Сейілбекұлы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру» тақырыбында интерактивті дискуссия өткізді.
Бауыржан Сғидоллаұлы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына жүргізілетін мемлекеттік бақылау» атты практикалық тапсырмалар берді. Дәріс соңында мемлекеттік қызметшілер дәріс берушіге сауалдарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.
Райхан Хамзина
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz