19.08.2022, 11:30
Оқылды: 68

Жеңілдетілген несие бағдарламасымен қанша қазақстандық автокөлік алды

Автокөлік алуға жеңілдетілген несие беру бағдарламасы басталғалы ел тұрғындары тарапынан 31 486 өтініш түскен. Бұл туралы ҚазАқпарат тішісінің сауалына жауап береген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

8

«16 тамыздағы дерек бойынша, қазақстандықтардан 31 486 өтініш түсті. Оның ішінде жалпы сомасы 95 278 млрд теңге болатын 12 454 өтініш мақұлданды. Ал бүгінгі таңда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы арқылы 9 923 азамат көлік кілтін қолына алды», - деп жауап берді баспасөз қызметі тілші сауалына орай.

Министрлік мәліметінше, жеңілдетілген лизингпен берілетін ауыл шаруашылығы техникасын алуға 14,6 млрд теңгеге 231 өтініш түскен. Дегенмен, бұл бағдарлама бойынша әзірге мақұлданған және табысталған техника жоқ.

Еске салайық, 1 тамыздан ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасы басталған болатын.

Сонымен қатар, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бұған дейін автокөлікке жеңілдетілген несие бағдарламасы тамызда қайта қаржыландырылатынын айтқан еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале