19-20 тамыз күні Орал қаласында «Атамекен» өнер ордасы алдындағы ашық алаңда Қазақстан Республикасы Спорт күні кәсіби мерекесіне орай қазақ күресінен ересектер және ардагерлер арасындағы «Жайықтың арыстары – қазақтың барыстары» атты республикалық турнир өтті.
Турнирде Казталов ауданының азаматы, Жаңажол ауылының тұрғыны, Жаңажол орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Сансызбай Төлегенов Батыс Қазақстан облысының намысын қорғап, «60 жастан жоғары» жас ерекшелігі бойынша «66» келі салмақта екінші орынға ие болып, күміс белбеуді қанжығасына байлады.
Жарыс соңында жүлдегер азамат Батыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қ.Есендияровтың дипломымен марапатталып, естелік сыйлықтарға және күміс белбеуге ие болды.
Жансая Жұмажанқызы,
Казталов ауданы