22.08.2022, 22:09
Оқылды: 27

Ақсуаттықтар жәрмеңкеге риза

Бүгін Теректі ауданына қарасты Ақсуат ауылында мектеп тауарлары мен оқу құралдары жәрмеңкесі өтті. Аталмыш жәрмеңке ауданда тұңғыш рет өтіп отыр.

Аудан басшысының тапсырмасы негізінде Ақсуат ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен жәрмеңкеге облыс орталығынан кәсіпкерлер кеп қатысты.  Оқу жылы басталарда ата-ана баласын киіндіріп, одан кейін оқу құралдарымен қамтамасыз етуге тырысады.  Ауылда оның бірі болса, бірі болмайды. Сосын амалсыз облыс орталығына баруға тура келеді. Қым-қуыт тіршілік, қала берді жұмыс деп жүргенде кейбір жерлестеріміз Орал шаһарына баруға уақыт та таба алмай жатады. Осылайша, "Оралға әне барам, міне барам" деп жүргенде оқу құралдардың "өзі" Ақсуатқа келді.

FB_IMG_1661187263481

-Расы керек, бұл жәрмеңкені халық осыншалықты қолдайды деп күтпедім. Жәрмеңкеге кеп, өзіне қажеттісін тапқан ақсуаттықтардың қарасы көп. Кәсіпкерлерге, ұйымдастырушыларға алғыс айтып жатыр.  Осы орайда, біздің ұсынысымызды қабыл алған "Мукаев Т.А" жеке кәсіпкерлігіне (басшысы Жанна Бауыржанқызы) және "ASP" жеке кәсіпкерлігіне (басшысы Әсет Жақсылықұлы) ерекше ризашылығымды жеткізгім келеді,-дейді Ақсуат ауылдық округі әкімі Жаннұр Ахметов.

FB_IMG_1661187272207

Осы тақылеттес жәрмеңке ауданымыздың өзге де ауылдарында өтсе нұр үстіне нұр болар еді.

Әділет Орынбасар,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале