ҚР Үкіметінің қант нарығындағы тұрақтылыққа қатысты тапсырмасын орындау мақсатында Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті (Бұдан әрі – Департамент) кәсіпкерлік субъектілеріне қанттың заңсыз айналымының алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүргізуде.
Фото дереккөзі: egemen.kz
Осыған байланысты, Департамент азаматтардың назарына кәсіпкерлер мен ұйымдардың қанттың тапшылығы, оны әкелу мен бағасының жасанды өсуіне байланысты заңсыз әрекеттерiнiң фактiлерi туралы хабарлау үшiн - +7 (7112) 53-84-27 сенім телефонын ұсынады.