24.08.2022, 14:45
Оқылды: 19

Оралда жөндеу жұмыстары кезінде «Батыс су арнасы» ЖШС-ның екі жұмысшысы қаза болды

Бүгін Оралда сорғы стансасында құбыр жарылуы салдарынан екі жұмысшы қаза болды.

220824151902629e

Оқиға бүгін Исатай-Махамбет көшесіндегі 2-кәріздік сорғы стансасында болды. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

"Кәріздік сорғы стансасында жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Сол кезде шахтада құбыр жарылады да, «Батыс су арнасы» ЖШС-ның 1971 және 1982 жылы туған жұмысшылары қаза болды. Жедел жәрдем сағат 11.10 шамасында шақыртылған", - деді баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта тиісті органдармен қайғылы оқиғаның барысы анықталуда.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале