Бөрлі ауданының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай жастар арасында пікірсайыс турнирі өтті.
Шараға Ақсай техникалық колледжі студенттері мен «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары қатысты.
Жастар арасында сыни және креативті ойлау сияқты қасиеттерді дәріптеу мақсатында өткен шарада «Үкімет» және «Оппозиция» өз пікірлерін білдіріп, қарсы тараптардың ойларын тыңдады.
Қорыта келе, шабыттың шыңында шебер сөз ерекшелігімен топ жарып, ауданның пікірсайыс қозғалысын дамытуда атсалысқан еңбегі үшін Айзада Садыкова мен Саягүл Серік алғысхатпен, ал Сабина Тұрланова «Үздік спикер», Аманай Балмурзинов «Үздік оратор» аталымдарын иеленді.
Айым Ғабділбарқызы,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz