25.08.2022, 14:30
Оқылды: 47

Теңіз кен орнында жұмысшы көз жұмды

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

5

Фото дереккөзі: aigak.kz

Қайғылы оқиға кеше, 24 тамызда сағат 16:00 шамасында Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында болған. Бұл туралы «Теңізшевройл» ЖШС басшыларына хабар берілген.

Бұл деректі Теңіз кен орнын игеріп жатқан «Теңізшевройл» ЖШС-нің баспасөз қызметі растады.

Теңіз кен орны Жылыой ауданында орналасқан. Кен орны мен аудан орталығы – Құлсары қаласының арақашықтығы шамамен 150 шақырымдай.

«Мердігер мекеме – «Казтурборемонт» (Intradel Projects) ЖШС-нің жұмысшысы «Өркен» вахталық қалашығының құрылыс алаңында жұмысшы қайтыс болғанын растаймыз. Жұмысшының қайтыс болғаны туралы тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды», -деп мәлім етті компанияның баспасөз қызметінен.

Әзірге жұмысшының қайтыс болуының себебі айтылған жоқ. Бірақ құрылыс алаңында пневматикалық сынақ жүргізілген.

Қазір құрылыс алаңындағы жұмыс тоқтатылған. Тексеру жүріп жатыр.

Бұдан бұрын Атырау облысындағы Теңіз кен орнында жұмысшы асылып қалғанын хабарлаған едік.

«Сенімді құрылыс» ЖШСнің 28 жастағы жұмысшысы түнгі ауысымға шығып, жұмыс орнында өзіне қол жұмсаған. Жұмысшының өлі денесін бірге жұмыс істейтін әріптестері тауып алған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале