25.08.2022, 20:15
Оқылды: 66

Нәзік жандар бас қосқан жиын

Бүгін Жаңақала ауданының, Жаңақазан ауылдық округінде әйелдер кеңесінің төрайымы Нұрсұлу Калимуллинаның ұйымдастыруымен қыз-келіншектер мен аналар, әжелерге арналған жиын өтті.

IMG_9432

Мақсаты - ауыл мәдениетін арттыру, ауыл әйелдерінің отбасы мәселелерінің шешімін табу, медиация ұғымын ауыл тұрғындарына кеңінен түсіндіру. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, медиатор, ардагер ұстаз Рая Апахаева, ардагер ұстаз Ақмарал Сапарова, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің АХАТ қызметі бойынша бас маманы Ақерке Сансызбаева, сондай-ақ Жаңақазан ауылының әйелдер қауымы қатысты. Аталмыш шарада әйел адамның отбасы алдындағы міндеті, ажырасу, ерте тұрмыс құру тақырыбында әңгіме өрбіді. Алғашқы сөз алған Н.Калимуллина Жаңақазан ауылының тарихынан сыр шерте отырып, отағасын, балаларын тастап вахталық жұмыстарға баратын азаматшалардың бар екендігін айтты. Одан әрі А.Нұрғалиқызы, Р.Қайратқызы, А.Аманқызы, А.Сансызбайқызы сөз сөйлеп, әйел адам отбасының ұйытқысы болу керек екендігін тілге тиек етті.

Р.Хамзина, 

Жаңақала ауданы, 

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале