НАТО хакерлік топ онлайн сатқан құпия әскери құжаттар туралы деректердің жария болу салдарына баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі BBC News-ке сілтеме жасап.
Фото:bbc.com
Қылмыстық хакерлер Еуропаның ірі қару-жарақ өндірушісі MBDA Missile Systems-ке қатысы бар ұрланған құжаттарды сатуда. Хакерлер өздерінің хабарландыруларында «жабық әскери жобаларды әзірлеуге қатысқан компаниялардың қызметкерлері туралы құпия ақпарат», сондай-ақ «жобалық құжаттар, сызбалар, презентациялар, бейне және фотоматериалдар, келісімшарттар және басқа компаниялармен хат алмасулар» бар екенін хабарлады.
Орыс және ағылшын форумдары арқылы әрекет жасайтын киберқылмыскерлер 80 ГБ ұрланған деректерді 15 биткоинге сатқан (шамамен 21,2 мың доллар) және ақпаратты бір адамға сатқанын мәлімдеді.