Бүгін Теректі ауданының әкімі Тілек Габдушев педагогика саласына қадам басқан жас мамандармен кездесті.
Аудан басшысымен жүздескен жалынды жастардың қатарында Әли Тікешов, Әйгерім Мұратова (Долин НОМ), Жанбота Еділова (Жайық НОМ), Аружан Қайырова (Шөптікөл НОМ), Әсем Төлегенқызы (Аңқаты ЖОББМ) және Динара Қамиева (Чапаев ЖОББМ) болды.
Мамандармен танысып, ой-пікірлерін мұқият тыңдаған Тілек Александрұлы:
- Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл қоғамды қалыптастырады. Сіздерді жаңа оқу жылында білім саласында үлкен жетістіктерге жетеді деп үміттенемін. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге барлық күш-жігерлеріңізді, білімдеріңізді салатындарыңызға сенімдімін. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын. Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленулеріңізге тілекшімін! Шығармашылық ізденістер мен ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Сіздерге шығармашылық шабыт пен болашаққа сенім, кәсіби өсуді тілеймін, - деп ақжарма тілегін арнады.
Жиын соңында жастар арнайы қабылдап, жүрекжарды лебізін жеткізген аудан басшысына алғыстарын жаудырды.
Аягөз Айтқалиева,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz