“AMANAT” партиясы Сырым аудандық филиалының жанынан құрылған партиялық бақылау құрамының төрайымы Шынар Дүйсенғалиева бастаған құрам “Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!” атты сайлауалды бағдарламасы бойынша жұмыс сапарымен Алғабас ауылдық округінде болды.
Партиялық бақылау құрамы аудандық жол картасы жобасы бойынша Алғабас, Қарағанды ауылдарына жүргізіліп жатқан ауыз су құбырының құрылысына бақылау жүргізді.
Ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқталатын жобаны мердігер “СМУ Шығыс” ЖШС-і бекітілген жоспарға сай сапалы орындауда.
Аталмыш партиялық бақылау мүшелері қос ауылдағы ауыз су құбыры құрылыстарының жұмысын алдағы уақытта да жіті назарда ұстайтын болады.
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы