27.08.2022, 16:00
Оқылды: 56

Еңбегі еленді Аягөздің

ҚР Конституциясы күні қарсаңында Теректі аудандық «Теректі жаңалығы» газетінің жауапты хатшысы, әріптесіміз Аягөз Айтқалиеваның еңбегі еленді.

IMG-20220827-WA0021

Мемлекеттік саясатымыз бен ұлттық рухани құндылықтарымызды ұрпаққа насихаттап, ауданымыздың әлеуметтік өмірінің дамуына  қосқан үлесіңіз үшін  алғыс білдіремін, — деген аудан әкімі Тілек Габдушев оны салтанатты түрде марапаттады.

Жалпы, Аягөз Айбарқызы өңірдің өркендеу жолында білек сыбана іс атқарып жүрген, жауапкершілігі жоғары жастардың бірі.

Ата заңымызға деген ерекше құрмет біздің сеніміміз бен күшіміздің қайнар көзі. Бірлігі жарасқан қазақ елі аз уақытта айбары асқан қуатты ұлтқа, дәулеті тасыған күшті мемлекетке айналды,— деген марапат иесі күллі халықты аталмыш мерекемен құттықтады.

Айшабибі Мәмет,
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале