28.08.2022, 0:03
Оқылды: 67

Конституция күні аталып өтілді

Бүгін Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Ата Заң – азат елдің ар-намысы» атты мерекелік концерт өтті.

IMG_9708
Алдымен аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ақнұрлы Еслямғалиева құттықтау сөз сөйлеп, еліне абыройлы қызмет етіп жүрген бір топ отандасымызды құттықтап, аудан әкімінің алғыс хатын табыс етті.
Мараптаттау рәсімі аяқталған соң мерекелік концертке кезек берілді. Халықтық «Сымбат» би ансамблі «Мереке думан» биін билесе, «Нұрбибі» би ансамблі «Ыңғайтөк» биімен көрерменнің көңілінен шыға білді. Қ.Айдарбеков, С.Алипов, А.Марат «Үшқоңыр» әнін нақышына келтіре шырқаса, Халықтық «Айзере» әжелер ансамблі Айтолқын Қуанғалиеваның «Күн дидарлы Қазақстан» әнін шырқады. Бекқали Сағынғалиев «Туған жер» әнін орындаса, Сұлтанбек Алипов аудандық балалар саз мектебінің фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен «Өз елім» әнін көрермен назарына ұсынды.

Аудандық балалар саз мектебінің фольклорлық ансамблі Т.Ысқақовтың «Той толғауы» туындысын орындаса, Камила Жексенғалиева «Бұлбұл» әнімен жиналған жұрттың ықыласына бөленді. Рустам Сәрсенов «O sole mio» әнімен дүйім жұртты тамсандырса, Мерей Жұмашев «Атамекен» әнімен концерттік бағдарламаны тәмамдады.
Аудан әкімінің алғыс хатына ие болған жерлестерімізідің тізімін газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

Райхан Хамзина,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале