29.08.2022, 23:07
Оқылды: 50

Лұқпан Жолдасов Подстепное ауылына келді

Конституция күніне орай Теректі ауданының Подстепное ауылында мерекелік концерт өтті.

IMG_20220829_230537

Оған куә болған Теректі ауданының әкімі Тілек Габдушев аталмыш мерекенің мән-маңызына тоқталып, мұқым елге ақ тілегін ақтарды.

IMG_20220829_230506

Содан соң бір топ ауыл тұрғынына алғыс хат табыстады. Сонымен қатар Подстепный ауылының басшысы Сержан Мәдиев те өз атынан ел үшін еңбегі сіңген жандарға алғыс хат берді. Марапаттау бөлімі өнерпаздардың көркем концертіне ұласты.
Айта кетейік, кеш барысында қазақ еліне кеңінен танымал композитор, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Лұқпан Жолдасов және оның қызы, Қазақстан эстрадасының жас әншісі Фарида Жолдасова өнер көрсетті.
«Ұлы дала» саябағына жиналған подстепныйлық өнер сүйер қауым өздерінің сүйікті әншілері Лұқпан Жолдасовтың әндерін тыңдап, ерекше әсер алды. Өз кезегінде белгілі әнші ауыл тұрғындарын Конституция күнімен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, «Алтынай», «Ғашығым менің», «Қаздар қайтып барады» сықылды әсем әндерін нақышына келтіре орындап, жиналған көптің көңілін таба білді. Сондай-ақ, Фарида да әсем әндерін арнады.
Кештің қадірлі мейманы, қос өнерпазға аудан басшысы Тілек Александрұлы рақметін айтып, алғыс хат ұсынды.

Самал Жамет,
Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале