30.08.2022, 16:33
Оқылды: 59

Қалдықтар полигонынан шыққан өрт ауыздықталды

27 тамыз күні 18 сағ.25 мин. Орал қаласы С.Датов көшесінде орналасқан «Жайық Таза Қала» ЖШС үлкен көлемді қалдықтар полигонында құрғақ шөп пен бұталар жанып, ары қарай көлемі 1 гектар аумақты алып жатқан қоқыс өртенді.

IMG-20220830-WA0034

Елді мекендерге төнетін қауіп жоқ. 21 сағат 30 минутта жану оқшауланды (өрттің таралу қаупі тоқтатылды), алайда бықсып жанудың әсерінен ауада түтін иісі болды. Аталған полигон 2003 жылдан бері жұмыс жасайды. Жалпы алаңы 10 гектар, ал тереңдігі 6 метрден асады. Ондаған жылдар бойы бұл полигонға қаладан ағаш бұталары мен жапырақтар, сонымен қатар қыс мезгілінде қала аумағында тазаланған қар шығарылады. Орын алған жануды жою үшін 1 гектарды құрайтын барлық жану ошағын топырақ қабатымен жабу қажет болды.
Ағымдағы жылдың 27 тамызынан бастап «Жайық Таза Қала» ЖШС және БҚО ТЖД екі ауысымда жұмыс атқаруда (күндізгі және кешкі). Бір ауысымда «Жайық Таза Қала» ЖШС 38 бірлік техника және 45 жеке құрам (өзі аударғыш жүк машинасы - 21 бірлік, су себетін машина 6 бірлік, жүк тиегіш - 5 бірлік, бульдозер - 1 бірлік, тіркемесі бар тракторлар - 5 бірлік). БҚО ТЖД 3 бірлік техника автоцистерна, 2 бірлік Газель және 25 адам жеке құрам.

IMG-20220830-WA0033
Өрт сөндірушілер инженерлік техникаға су шашу арқылы оттың жалынын басты. «Жайық Таза Қала» ЖШС инженерлік техникасы топырақ тасып, әкелінген топырақты бульдозермен тегістеп өрт ошағын жабады. Су тасығыш машиналар өрт автокөліктерін сумен қамтамасыз етеді.
Бүгін таңғы 8.00-де 5399 тонна топырақ себіліп, 1579 тонна су берілді.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале