Атырауда жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза болды, деп хабарлайды Egemen.kz Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«31 тамыз сағат 04:20 шамасында «Доссор - Құлсары – Ақтау» республикалық тасжолының 74 шақырым тұсында Toyota автокөлігі аударылып, салдарынан екі адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілді», делінген хабарламада.
Аталған оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.