1.09.2022, 11:21
Оқылды: 44

Президент Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызын балалар шотына аударуды ұсынды

Президент Халыққа Жолдауында Балалар жылы аясында жаңа жоба ұсынды.

Снимок экрана (17)

- Жалпыхалықтық референдумда қабылданған конституциялық өзгерістер Әділетті Қазақстанның символына айналды.
Біз Ата заңымызда жер мен табиғи ресурстар халықтың меншігі деген басты қағидатты бекіттік. Бұл – құр сөз емес. Бұл – барлық реформаның арқауы.
Әрбір отбасы елдің ұлттық байлығынан нақты табыс алуы керек. Сондықтан мен жариялаған Балалар жылы аясында міндетті түрде жаңа бағдарлама – Балаларға көмек көрсету Ұлттық қорын іске қосу аса маңызды деп есептеймін.
Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызын балалар 18 жасқа толғанға дейін мерзімінен бұрын алу құқығынсыз арнайы жинақ шоттарына бөлуді ұсынамын.
Кәмелеттік жасқа толғаннан кейін жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға жұмсалады. Бұл қаражат өскелең ұрпақтың кәмелеттік өміріне нағыз жолдама береді. Қор шынымен де ұлттық мәртебеге ие болып, халық игілігіне қызмет етеді, - деді Президент.
Мемлекет басшысы осы ауқымды істі жан-жақты зерделеу қажеттілігін ескере отырып, жобаны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосуды тапсырды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале