1.09.2022, 14:45
Оқылды: 45

Жаңарған мектептен жаңашылдық күтеміз

Білім күні Казталов ауданы Жалпақтал ауылдық округіндегі Ғинаят Молдашев атындағы білім ордасының оқушылары жаңа оқу жылын жаңарған, жарық мектепте қарсы алды.
1

Аталмыш мектеп «Ауыл –  ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2021 жылы күрделі жөндеу жұмыстары басталған болатын. Республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға мектептің жөндеу жұмыстарын «ЮгРемСтройСервис» ЖШС ұтып алып, құрылысын жүргізді. Жобаға сай күрделі жөндеу жұмыстары сапалы аяқталып, жаңарған мектеп биылғы оқу жылында оқушыларға есігін айқара ашты.

5

Ғ.Молдашев атындағы жалпы білім беретін мектебінде жаңа оқу жылында 467 оқушы білім нәрімен сусындайтын болса, 74 ұстаз білім береді.

6

Мектептегі алғашқы қоңырау салтанатты шарасына Казталов ауданының әкімі Рүстем Зұлқашев қатысып, ата-аналар мен оқушыларды Білім күнімен құттықтады.

- Әр адам үшін 1 қыркүйек - жаңа білім, жаңа табыс, жаңа жетістіктерге жету бастамасы. Себебі білім жүйесі жыл санап өзгеріске ұшырап, жаңа жүйеге сай жаңа белестерді бағындырып келеді.

Өздеріңізге белгілі, биылғы "Балалар жылында" еліміз бойынша мектеп жасындағы балаларға ерекше көңіл бөлініп, түрлі іс-шаралар жүзеге асырылуда.

2

Аудан бойынша әртүрлі санаттағы балалар жазғы демалысын аудандық, облыстық, республикалық лагерьлерде демалып келді. Сондай-ақ түрлі байқауларға қатысып, қабілеттерін шыңдай біліп, жеңіс тұғырынан көріне білді. Аудан намысын қорғап жүрген балаларымыз бен жетекшілеріне зор алғыс білдіреміз! Сіздерді 1 қыркүйек – Білім күні мерекесімен құттықтай отырып, білім саласының қызметкерлеріне жауапты жұмыста табыс тілеймін! - деді Рүстем Мүлкайұлы.

3

Оқушылар үшін ең маңызды алғашқы қоңырау соғылғаннан кейін аудан әкімі мектеп ішін аралап көріп, оң бағасын берді.

4

Оқу жылына үлгеріп, күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғанына оқушылар да, ата-аналар да дән риза.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале