1.09.2022, 15:15
Оқылды: 30

Спортшыға құрмет

Ақсай қаласының тумасы, паратхэквондодан әлем чемпионы әрі Азия чемпионы атанған Мәлік Мұқашевті спорт жанкүйерлері жақсы біледі. Оның бағындырған белесі мен өмір жолы көпке үлгі. Тағдырдың басқа салған қиындығына мойымай, өзін дамыта түсуге күш-жігер тауып, әлемді мойындатқан спортшы тағы бір үлкен жетістікке қол жеткізіп, екі дүркін Азия чемпионы атанды.

15

Вьетнам мемлекетінің Хошимин қаласында өткен паратхэквондошылардың Азия біріншілігінде Мәлік Төлеуұлы К-41 категориясында 80 келі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Чемпион болу оңай, ол атақты қорғап қалу өте қиын. Сондықтан жерлесіміз аталмыш сынға тиянақты дайындалды. Төккен тер мен тынымсыз еңбек өз нәтижесін беріп, ақсайлық спортшы Азия чемпионы атағын қорғап қалды.

Жуырда ел мерейін асырып, туған жерге оралған тхэквондо шеберін облыстық спорт басқармасының мамандары күтіп алып, құрмет көрсетті.

2014 жылдан бері Ербол Мерғалиев атты білікті бапкердің қол астында жаттығатын спортшы осы кезге дейін талай додаларда ел намысын абыроймен қорғап келді. Осы күні өзі де бапкерлікке бет бұрған Мәлік Мұқашев параолимпиада чемпиондарын тәрбиелеп шығарсам деген мақсат қойыпты алдына.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале