1.09.2022, 18:07
Оқылды: 40

«Құжатсыз көлік – қоғамға қауіп»

Азық-түлік тауарларының қымбаттауы – күйіп тұрған негізгі мәселенің бірі. Әрине, әр саланың, әр ортаның өз түйткілі бар. Мәселен, шетелден әкелінген автокөліктер жайы да көп адамды алаңдатады. Отандық көлік нарығының белгілеген бағасы қымбат. Арзан көліктің құжаты дұрыс емес.

21

- Автокөлік сатып алу кезінде төленетін алым-салық мәселесіне жеке тоқталайын. Кейбір жақын шетелдерден әкелінген автокөліктерге қатысты түйткілдер баршаға мәлім. Заң аясынан тыс қалып отырған мұндай көліктер қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіруде. Заңсыз көлік әкелетін амал-тәсілдің бәріне тосқауыл қою үшін батыл шаралар қабылдау қажет. Ал биылғы 1 қыркүйекке дейін елге әкелінген автокөліктерге қатысты ахуалды реттеу керек. Оларды заңдастыру мақсатында утилизация және алғашқы тіркеу үшін төленетін қаржы көлемін 200-250 мың теңгеден асырмай, бәріне бірдей және бір реттік алым алуды ұсынамын,– деді Президент жаңа Жолдауында.

Демек, мәселе ушыққан әрі шешім жолы кешеуілдеген. Сондықтан жағдайға Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі назар аударып отыр. Утилалымның құнын түсірмей болмайды. Себебі, қазіргі талаппен белгіленген құн көліктің өз құнынан асып кетіп жатыр. Алыс және жақын шетелген әкілінген көліктер кедендік рәсімдеудің бағасы Президент айтқан межеде болса, тамаша емес пе?

- Бұл – іздеу салынбаған және кеден рәсімдерінен өткен көліктерге ғана қатысты шара. – делінді. Демек, полицияға жұмыс жетеді. Шетелден келген автоқұрал тіркелуі керек, болмаса тоқтатылуы тиіс. Енді, мемлекет басшысы айтқан тапсырма уақтылы орындалса екен.

Ақеділ Нұрмашев,

Сырым аудандық мәслихаттың

«Ақжол» партиясынан сайланған депутаты

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале